Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 516/6 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда № 7178 болып тіркелген.
Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді.
Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 57334,0 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 27760,0 га. Халық саны – 645 адам, оның ішінде ерлер – 323 адам, әйелдер – 322 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 83, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 102, оқушылар – 123, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 60, ашық нарықта жұмыссыздар – 11, тіркелген жұмыссыздар – 1 адам.
Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтар, дәріхана – 1 бар.
Мәдениет үйінің жанында ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 15 000 дана толықтырылады және есептеледі, спортпен айналысуға арналған фитнес-клуб бар.
Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.
Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.
Алакөл ауылдық округі бойынша 15,84 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және кентішілік жолдар 8,474 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.
Бюджет көлемі
1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»
мың теңге
|
Атауы
|
2021 жыл |
2022 жыл
|
2023 жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
ТҮСІМДЕР – барлығы: |
27645 |
32252 |
34138 |
|
Меншікті кірістер, оның ішінде: |
2079 |
2159 |
2444 |
|
Салықтық түсімдер |
1989 |
2069 |
2354 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
90 |
90 |
90 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
25566 |
30093 |
31694 |
|
Субвенция |
25566 |
30093 |
31694 |
Алакөл ауылдық округінің бюджетіне 2021 жылға
салық түсімдерінің құрылымы
Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде: |
27645 |
32252 |
34138 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
23562 |
24920 |
26758 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
1547 |
1679 |
1763 |
|
Көлік және коммуникация |
1578 |
4683 |
4602 |
|
Денсаулық сақтау |
35 |
37 |
39 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
923 |
933 |
976 |
Алакөл ауылдық округінің 2021 жылға
арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары
Алакөл ауылдық округі бюджетінің 3,37%-ын әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласына шығындар құрайды
Әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстары
және әлеуметтік қамтамасыз ету
мың.теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
923 |
933 |
976 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Әлеуметтік көмек |
923 |
933 |
976 |
Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.
2021 жылға арналған мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге ауылдық округ бюджетінің шығындары 923 мың теңге сомасында қарастырылған.
Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 85,2%-ын мемлекеттік қызмет көрсету саласына шығындар құрайды
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары
жалпы сипаттағы қызметтер
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
23562 |
24920 |
26758 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
23562 |
24920 |
26758 |
|
Қорғаныс |
0 |
0 |
0 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 23562 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.
Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,13%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
35 |
37 |
39 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |
35 |
37 |
39 |
Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2021 жылға 35 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 5,6 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары құрайды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
1547 |
1679 |
1763 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
819 |
860 |
903 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
532 |
613 |
644 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
196 |
206 |
216 |
|
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру |
0 |
0 |
0 |
2021 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:
- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге 819 мың теңге сомасында қарастырылған.
- Алакөл ауылында қоқыстарды шығаруға елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету – 532 мың теңге.
- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру – 196 мың теңге сомасында қарастырылған.
Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 5,7 %-ын көлік және коммуникация шығындары құрайды.
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары
мың.теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы: |
1578 |
4683 |
4602 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
1578 |
4683 |
4602 |
Ауылдық округтің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1578 мың теңге қаражат қарастырылған.