Құрметті сайттың оқырмандары
назарларыңызға Железин ауданы мәслихатының 2021-2023 жылдарға арналған бекітілген азаматтық бюджетті ұсынамыз.
Железин ауданының бюджеті Железин аудандық мслихатының (VI-сайланған LXXI-сессиясы) 2020 жылғы 24 желтоқсандағы “2021-2023 жылдарға арналған Железин ауданының бюджеті туралы” № 507/6 шешімімен бекітілді.
Аудандық мәслихат аппаратын ұстауға арналған шығындар “Аудан (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаты қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер” 001 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
2021-2023 жылдарға арналған “Мәслихат қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер” 001
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасы мен түрі:
Қазаақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 32-бабы,
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 53-57 баптары;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» № 150 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» № 646 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығы, аудандық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 507/6 шешімі.
2021-2023 жылдарға арналған “Мәслихат қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер” 001
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттік бағдарламаның нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсынылған қаржыландыруға ықпал етуді сипаттау:
Аудандық мәслихаттың құқықтық қамтамасыз ету деңгейін, қызметкерлердің жұмыс және кәсіби сапасын арттыру, аудандық мәслихаттың нәтижелі және тиімді жұмыс істеуіне жағдайлар жасау.
2021-2023 жылдарға арналған “Мәслихат қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер” 001
бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар
Бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік мекеменің шығындарының жиынтық есебі
Есепті 2020 жылға бюджеттік бағдарламаны орындау
нәтижесінің көрсеткіштері
7 бірлік штаттық саны бар аудандық аппаратты ұстау жүзеге асырылды;
Аудандық мәслихаттың 13 сессиясы өткізілді;
Аудандық мәслихаттың бір қызметкері біліктілік арттырудан өтті.