Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы  2 -тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық   инспекторының  2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 1-13/448 ұсынысының негізінде, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 января 2021