Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің «Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы»  Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №1-13/448 ұсынымы негізінде әзірленді.

Шешім қабылдаудың мақсаты ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Железин ауданы, Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу болып табылады.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2021 жылғы 06.01. «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
06 января 2021