Қызмет беруші
«Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
1.Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетудің құжаттарын қабылдау және нәтижелерін беру:
6 (алты) жұмыс күндері.
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы, есепке қою және кезектілік туралы келісім жасау үшін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажеттігі туралы хабарлама (мекенжайы мен байланыс деректерін көрсете отырып) немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Қызмет беруші-демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік корпорация –дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін.
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
өтініш,
қызмет алушының жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
білімі туралы дипломының көшірмесі;
неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
кредиттік бюроның есебі;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі.
өтініш;
жеке басын куәләндыратын құжаттың көшірмесі;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
білімі туралы дипломының көшірмесі;
неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
кредиттік бюроның есебі;
Құжаттар туралы мәліметтер:
Аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;
Көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "эле«трондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Қызмет алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткерлер қатарынан кезектілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімдерін тоқтата тұрады.
Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қайта қарау мерзімдерін қызмет беруші белгідейді және бір жылдан аспайды.
1) қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) егер қызмет алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
3) егер қызмет алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылса;
4) қызмет алушы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы, 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Торайғыров көшесі, 51;тел.8(71831)21654
«Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі,19; 1 қабат, .107 бөлме, тел.8(71831)22157,21852,
Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі