2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Железин аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына сәйкес Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Железин  аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Күнтізбелік жоспар округтік, учаскелік сайлау комиссияларына аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлауын өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Осы қаулы Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.

 

Комиссия төрағасы                                            А. Саденов

Комиссия хатшысы                                            М. Булатова     

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Железин аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
15 октября 2026