«Железин аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 124 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Железин аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 124 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

          көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қаулы  Железин аудандық мәслихатқа жіберілсін.

3. Осы қаулы Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

 Комиссияның төрағасы                                             А. Саденов

 Комиссияның хатшысы                                             М.Булатова

«Железин аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 124 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
15 октября 2026