Железин ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына, 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларына сәйкес, Железин аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы «Железин ауданының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» № 116/6 шешімінің (Норматівтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5552 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
23 декабря 2020