«Железин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 105/4 «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Железин ауданы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

Қаулы жобасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.

Осы қаулы жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында қабылданады.

Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Железин ауданы жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі басшысының м.а.                                            Д. Кайниденова

Дата публикации
08 сентября 2026