Енбекшин ауылдық округі әкімінің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебін көпшілік талқылаудың қорытындылары

 

  • Қысқаша сипаттама
  • Құжаттың толық мәтіні
  • Жүктеп алуға арналған файлдар

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтер әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет көрсетушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметі туралы есептерді көпшілік талқылауды өткізеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметі туралы есептерді көпшілік талқылауды өткізу халықты жергілікті атқарушы органдардың қаралатын саладағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін қабылданған және жоспарланған іс-шаралары туралы хабардар етуге бағытталған. Көпшілік талқылаулар сондай-ақ қызмет көрсетушілердің қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Железин ауданы Енбекшин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылы 6 түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетті.

2025 жыл бойы барлығы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  1. «Мемлекеттік меншікте тұрған, сауда-саттық (конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық сатып алу» - 1 қызмет;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1 қызмет;
  3. «Елді мекен шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беру» - 0 қызмет;
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен не бөліп төлеп сату» - 1 қызмет;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0 қызмет;
  6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 0 қызмет.

Бас тартулар - 1.

Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпараттық стенд, компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіндік қызмет көрсету бұрышы бар. Өзіндік қызмет көрсету бұрышы арқылы 114 қызмет көрсетілді, 110 дана буклет таратылды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес қызмет көрсетушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түспеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
03 сентября 2026