Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі аумағында жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан жария сервитут белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
03 сентября 2026