Павлодар облысы Железин ауданы Железин, Қазақстан ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18.00-де Железин  ауданы Железин,  Қазақстан ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 

Железин ауылдық округі бойынша:

Барлығы 4 кандидат ұсынылды,  барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша.

 Орташа бәсекелестік - 4 адам. 

 

Қазақстан ауылдық округі бойынша:

Барлығы 3 кандидат ұсынылды,  барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша.

 Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

 

 Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 Железин аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 сентября 2026