Үгіт материалдарын орналастыру үшін газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 222 (екі жүз жиырма екі) теңгені құрайды; сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын орналастыру үшін - 350 (үш жүз елу) теңге мөлшерінде.
Төлем нысаны: қолма-қол ақшасыз есеп айырысу.
Материалдарды ұсыну шарттары мен орналастыру тәртібі: ақпараттық қызметтер көрсетуге және ақы төлеуге шарт жасасқаннан кейін материалдарды редакция сәрсенбіден кешіктірмей (ұсыну тәсілдері - уәкілетті тұлғаның қолы қойылған қағаз тасығышта және электрондық түрде (DVD-RW, CD-RW, флэш-жинақтағыш және т.б.) газеттің кезекті дайындалып жатқан нөміріне жариялауға қабылдайды.
Ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселелері бойынша 140400, Павлодар облысы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 10 мекенжайына хабарласқан жөн. Телефон: 8 (718-31) 2-20-33. E-mail: rp-press@mail.ru