Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімінің «Жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» шешім жобасына пресс-релиз

Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің «Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) «Жергілікті мемлекеттік жер туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді. Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:    

  1.«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылының және Прииртышск ауылдық округінің Үрлітөбе ауылының елді мекендерінің шекараларында орналасқан жалпы ауданы 3,0335 га жер учаскелеріне талшықты-оптикалық желі салу үшін 3 (үш) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін «Қолданыстағы Муфта – ТП «Үрлітөбе»учаскесіндегі байланыстар (ТОБЖ).

          2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Прииртышск ауылдық округінің шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Дата публикации
19 августа 2026