Павлодар облысы Железин ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 тамыздағы  № 111 қаулысымен Железин ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:

1) Железин ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Железин ауылдық округінің шекараларында;

2) Қазақстан ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Қазақстан ауылдық округінің шекараларында.

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Железин а., Сәтпаев көш., 9, 1-қабат, тел.: 2-15-08.

 

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 августа 2026