Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 қарашадағы қорытындысы негізінде.
Аталған шешімнің жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Михайлов ауылдық округінің Михайловка ауылында «Куйбышев» көшесін «Отан» көшесіне қайта атау болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2020 жылғы 20.12 орналастырылған.