Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 158/5 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 158/5 « Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6370 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

         «Железин ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы»;

         көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары айқындалсын.»;

         көрсетілген қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;

         көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Әкім                                                                                               А. Шайхимов

 

         КЕЛІСІЛДІ:

         Железин аудандық аумақтық

         сайлау комиссиясының төрағасы                                            А. Саденов

Дата публикации
30 июня 2026