Железин ауданының 2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Еңбекші ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат "бюджетті жоспарлау" бөлімін, "әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері" және "ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары"кіші бөлімдерін қамтиды.
Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген қызмет.
Бюджет .Железин ауданының бекші ауылдық округі 2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды .Железин ауданы бекші ауылдық округінің 2026 жылдарға арналған.
Еңбекші ауылдық округінің құрамына екі елді мекен кіреді: Еңбекші, Уәлиханова. Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 570,97 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер -22251 га. Халық саны-724 адам, оның ішінде ер адамдар-312 адам, әйелдер-413 адам. Халықтың жалпы санынан зейнеткерлер – 79, 16-дан 29-ға дейінгі жастар -138, оқушылар -110, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -57, ашық нарықта жұмыссыздар -0, тіркелген жұмыссыздар -2 адам. Әлеуметтік салада 1 орта білім беру мектебі, 1 негізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Барлық мектептер интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Сондай-ақ: медициналық пункттер-2, 2 - ауылдардағы ауылдық мәдениет үйлері, 2-кітапхана, 2-Уәлиханов және Еңбекші ауылдарындағы жасанды жабыны бар футбол алаңы жұмыс істейді. 3 балалар ойын алаңдары 2 Уәлиханов ауылына, 1 Еңбекші ауылына. Қызмет көрсету саласында: 0-пошта бөлімшелері, 4 дүкен, "Уәлиханово элеватор2050" ЖШС жұмыс істейді. Уәлиханов ауылында "Уәлиханово" шекаралық бақылау бөлімшесі (теміржол) жұмыс істейді. Еңбекші ауылдық округі бойынша 18.5 шақырым жол бар. Оның ішінде -16 км көше жолдары және 2.5 км кіреберіс жолдар. Еңбекші және Уәлиханов ауылдарында орталық сумен жабдықтау бар. Көшелер шамдармен жарықтандырылған.
Железин аудандық мәслихатының (XLIV (кезектен тыс сессия), VIII сайланған) 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №215/8 шешімімен (2025 жылғы 24 желтоқсандағы №219138 НГР) 2026 жылға арналған кірістер мен шығыстар бойынша бюджет 119 731,0 мың теңге сомасында бекітілді. Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет 123 766,0 мың теңгені құрайды.
2026 жылға бекітілген түзетілген бюджеттің өсуі
Еңбекші ауылдық округінің 2026 жылға түсімдері
мың теңге
|
№ п/п |
Түсімнің атауы |
Бекітілген |
Нақтылау |
Ауытқу |
|
1 |
Жеке табыс салығы |
1285,0 |
1285,0 |
0,0 |
|
2 |
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық |
110,0 |
110,0 |
0,0 |
|
3 |
Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы |
50,0 |
50,0 |
0,0 |
|
4 |
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық |
3369,0 |
3369,0 |
0,0 |
|
5 |
Бірыңғай жер салығы |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
6 |
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы |
85,0 |
85,0 |
0,0 |
|
7 |
Мүлікті жалға беруден түскен кірістер |
215,0 |
215,0 |
0,0 |
|
8 |
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
74 533,0 |
78 847,0 |
4 314,0 |
|
9 |
Субвенциялар |
40 049,0 |
40 049,0 |
0,0 |
Түсімдердің құрылымы Еңбекші ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджетіне
Еңбекші ауылдық округі бюджетінің шығыстары
Еңбекшіауылдықокругініңбюджетішығыстар бойынша 119731,0 мыңтеңгесомасындабекітілді,түзетілгенбюджет 123 766,0 мыңтеңгені құрады.Аудандықбюджеттен берілетін трансферттересебінен4 035,0 мыңтеңгесомасынашығыстарұлғайтылды: 001029159 "басқақызметтерменжұмыстарғаақы төлеу"бағдарламасыАвтокөлікқұралынағымдағыжөндеу-1048,0мыңтеңге 045029159 "өзге де қызметтерменжұмыстарғаақы төлеу"бағдарламасы-"Уәлихановауылыныңкентішілікжолдарынорташажөндеу(Молодежнаякөшесі, Теміржолшылар көшесі)","Уәлихановауылыныңкентішілікжолдарынорташажөндеу(Зеленая көшесі,Привокзальная көшесі)"2-жобаларыбойыншажолсапасынасараптама жасау жөніндегіқызметтер-2452,0мыңтеңге.Сондай-ақ, жергіліктібюджеттенсутасқынына қарсы іс-шараларғақаражатбөлу есебінен 107бағдарламабойыншабюджеттүзетілді- 814,0мыңтеңге.Дизельотынын,бензинді,құмды, қапшықтарды сатып алу.
Еңбекші ауылдық округі бюджетінің шығыстары
мың теңге
|
Атауы |
2026 жыл |
|
Шығындар-барлығы, оның ішінде: |
123600 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
40 752 |
|
Денсаулық сақтау |
25 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
5 016 |
|
Көлік және коммуникация |
78 779 |
|
Пайдаланылмаған трансферттерді қайтару |
8 |
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
0 |
2026 жылы Еңбекші ауылдық округі бюджетінің қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары
Еңбекші ауылдық округі бюджеті шығыстарының 32,6% - ы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жұмсалатын шығыстарды құрайды 40 752,0 мың теңге Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 40752,0 мың теңге сомасында қаражат көзделген. Қызметін қамтамасыз ету үшін штаттық саны 3 бірлік мемлекеттік қызметші, 9,2 штаттан тыс Бірлік ауылдық округ әкімі аппараттарын ұстау. Техникалық персонал ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар. Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу АИ-92 бензині 3000 л.басқа қорларды сатып алу, кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлар, мерзімді басылымдарға жазылу, жазғы шина, А-4 форматындағы қағаз, компьютерге арналған қосалқы бөлшектер, тұтынылатын электр энергиясы үшін төлем, Интернет желісіне және телефон байланысына қол жеткізу қызметтері үшін төлем.Мемлекеттік мекемелерге арналған Бухгалтерия, Мемлекеттік мүлік тізіліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, Компьютерлік және перифериялық ұйымдастыру техникасын жөндеу, картридждерді толтыру, автокөлікті ағымдағы жөндеу.
Еңбекші ауылдық округі бюджеті шығыстарының 0,1% - ы денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығыстарды құрайды - 25,0 мың теңге."Шұғыл жағдайларда ауыр науқастарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын маңдағы Денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру" -25,0 мың теңге. Еңбекші, Уәлиханов ауылдарының 2 елді мекенінен Железин орталық аудандық ауруханасына жақын маңдағы Денсаулық сақтау ұйымына дейін 3 ауыр науқас адамды жеткізу көзделген.
Еңбекші ауылдық округі бюджеті шығыстарының 3,6 % - ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын шығыстарды құрайды – 5 016,0 мың теңге. "Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру" - 3373,0 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша тұтынылатын электр энергиясы үшін ақы төленеді, шамдардың саны 155 дана. "Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" -400,0 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша Еңбекші ауылдық округінің аумағында ұйымдастырылған қоқыс үйінділерін тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз ету, көшелерден, ауылдық елді мекендердің саябақтарынан қоқыс шығару үшін шығыстар жүргізілді. Аталған жұмыс түрлері ауылдық округтің елді мекендері аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" -716,0 мың теңге. Осы кіші бағдарлама бойынша 1 ескерткішті ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған. 2 Балалар алаңын жөндеу, көшет отырғызу, "Жасыл ел" жастар жасағын ұйымдастыру бойынша жұмыс, билбордтар дайындау және т.б. бұл жұмыс түрлері ауылдық округтің елді мекендерінің аумағын абаттандыру мен көгалдандыруды жақсартуға бағытталған.
Еңбекші ауылдық округі бюджеті шығыстарының 63,7% - ы көлік және коммуникация шығындарын құрайды. "Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету"78779,0 мын тенге.
1 794,0 мың теңге автомобиль жолдарын жазғы және қысқы күтіп-ұстауға және жөндеуге. Осы бағдарлама бойынша ауылдық округ аумағында автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шығыстар жүргізілді. Шығындар жазғы және қысқы уақытта қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын арттыруға бағытталған. Жолдардың ұзындығы 18,5 км. 045 "Жолдарды күрделі және орташа жөндеу" бағдарламасы 76985,0 мың теңге. Уәлиханов ауылы кентішілік жолдарын орташа жөндеу (Зеленая к-сі, Привокзальная к-сі) - 20780,0 мың теңге, Уәлиханов ауылы кентішілік жолдарын орташа жөндеу (Молодежная к-сі, Теміржолшылар к-сі) - 53753,0 мың теңге, "Уәлиханов ауылы кентішілік жолдарын орташа жөндеу (Молодежная к-сі, Теміржолшылар к-сі)"2-п жобасы бойынша жол сапасын сараптау жөніндегі қызметтер, "Уәлиханов ауылының кентішілік жолдарын орташа жөндеу (Зеленая көшесі, Привокзальная көшесі)" - 2452,0 мың теңге.