Комиссия өз құзыреті шегінде;
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылық пен қоғамға жат мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың профилактикасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған әдістемелік көмек көрсетеді;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін зерделейді;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін қорытады және таратады, оларға әдістемелік және ұйымдастырушылық-практикалық көмек көрсетеді;
5) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдайды және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырудағы және тұрмыстық жағдайын жасаудағы мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады;
7) құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;
8) отбасын қолдау орталықтарымен бірлесіп, өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарға қатысты шаралар қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органнан жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағанды әлеуметтік оңалту туралы және кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысын/бастаушысын әлеуметтік бейімдеу туралы шешім алынғаннан кейін баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандар педагогикалық сүйемелдеуге алынған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде баланың мінез-құлқында оң өзгерістер болмаған жағдайда білім беру ұйымынан қарау және ұсынымдар шығару үшін материалдарды қабылдайды.
1) комиссия жұмысын ұйымдастырады және осы Қағидалармен комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
2) комиссия қызметіне жалпы басшылық етеді;
3) комиссия отырыстарының өткізілетін уақытын және орнын анықтайды;
4) комиссия отырыстарына төрағалық етеді;
5) ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін комиссияның жылдық жұмыс жоспарын бекітеді;
6) комиссия мүшелеріне жүктелген функциялар орындалмаған жағдайда, олардың жұмыс орнына ұсыну жібереді;
7) ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей жоғары тұрған комиссияларға комиссияның жұмысы туралы есеп береді;
8) комиссияның шешімдері мен ұсынуларының сапалы орындалуын бақылайды.
1) кезектен тыс отырыстарды өткізу қажет болған жағдайда, ал төраға болмаған кезде, төраға міндетін атқарады;
2) комиссия төрағасының тапсырмасымен комиссия қарауына түскен материалдарды уақтылы және дұрыс қарауды қамтамасыз ету мақсатында оларды алдын ала зерттейді;
3) комиссия қызметіне жалпы басшылық жасауда комиссия төрағасына жәрдемдеседі.
1) ұсынылған материалдармен танысады;
2) комиссия отырысында қаралуға жататын мәселелерді қарайды және тиісті шешімді қабылдауға қатысады;
3) бекітілген жоспар мен комиссия төрағасының шешіміне сәйкес комиссияның көшпелі отырыстарына қатысады;
4) өз құзыреті шегінде комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;
5) комиссия мен органдар немесе ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді;
6) комиссияның қызметін жетілдіруге арналған ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;
7) комиссия отырысында мәселелерді қарауға қажетті материалдарды комиссия хатшысына ұсынады;
8) комиссия отырысында мәселелерді қарау кезінде заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) отырыстарға қатысуға берілген өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға тапсыра алмайды.
Комиссия мүшесінің отырысқа қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұл туралы оның өткізілуіне кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда қатыса алмайтынын растайтын құжаттарды қосып, комиссия төрағасына жазбаша түрде хабарлайды.
1) комиссия отырысына материалдар мен құжаттарды әзірлеуді жүзеге асырады;
2) комиссия отырысының күн тәртібін әзірлейді;
3) комиссия отырысын ұйымдастырады;
4) алдағы отырыс туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды;
5) отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды комиссия мүшелеріне ұсынады;
6) отырыс хаттамасын жүргізеді;
7) комиссия шешімдерінің орындалу барысына тұрақты бақылау жүргізеді;
8) комиссияның жұмысы туралы жоспар мен есеп жобасын әзірлейді;
9) комиссияның шешімдерін комиссияның барлық мүшелеріне, лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлігінде уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді;
10) комиссия шешімдерінің орындалу барысы туралы комиссия төрағасын және мүшелерін хабардар етеді;
11) отырыстарда қаралатын мәселелер бойынша материалдарды уақтылы ұсыну үшін орындаушыларға сұрау хат жолдайды;
12) осы Қағидаларға сәйкес өзге де функцияларды атқарады.
Хатшы комиссия мүшесі болып саналмайды және дауыс беру құқығына иеленбейді. Хатшының уақытша жоқтығы кезінде оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес комиссия төрағасы белгілейтін тиісті мемлекеттік орган аппаратының қызметкерлерінің бірі алмастырады.
Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның отырысына оның төрағасы төрағалық етеді, төрағаны алмастыруға болмайды, тек кезектен тыс отырыстарды өткізу қажет болған жағдайда ғана төраға міндетін төрағаның орынбасары атқара алады.
Төраға болмаған жағдайда комиссияның отырысы заңсыз болып есептеледі.
1) кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші бойынша;
2) комиссияның өз бастамасы бойынша;
3) азаматтардың берген ақпараты бойынша;
4) білім беру ұйымдарының ұсынулары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан басқа да органдар мен ұйымдардың өтініштері бойынша;
5) қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпеген, қоғамдық қауіпті қылық жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі істер органдары немесе прокуратура материалдары бойынша жүзеге асады.
материалдарды қарау комиссия құзыретіне жататындығын;
комиссия отырысына шақырылатын тұлғаларды;
материалдарды дұрыс және уақтылы қарау үшін мәні бар жағдайларды қосымша тексерудің және қосымша материалдарды талап ету қажеттілігін.
материалдарды қарауға тағайындап, отырыстың күні мен орны туралы кәмелетке толмағанға, оның ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне, сондай-ақ отырысқа қатысу міндетті деп танылатын басқа тұлғаларға хабарлау;
материалдарды қараудан бас тартып, уәкілетті органдарға немесе ұйымдарға қажетті шараларды қабылдау бойынша ұсынымдармен хат жолдау;
түскен материалдардағы ақпаратты қосымша тексеру немесе оны тиісті уәкілетті органдарға немесе ұйымдарға жүргізуді тапсыру.
Кәмелетке толмаған, оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері комиссия қарауына дайындалған материалдармен отырыс басталғанға дейін танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетілген тұлғалардың материалдармен танысу құқығы оларға комиссия отырысына шақыру хатында түсіндіріліп беріледі.
Комиссия алған материалдарды олар түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарауға тиіс.
Комиссия отырысының материалдары мен құжаттары төрағамен келісілгеннен кейін хатшы әр комиссия мүшесінің электрондық поштасына отырыс өткізілетін күннен кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді.
Отырыстың күні мен уақыты комиссия төрағасы тарапынан анықталады, бұл туралы комиссия мүшелері хатшы арқылы хабардар етіледі.
Кәмелетке толмағанның комиссия отырысына қатысудан бас тартуы мүмкін деген негіздер болса, комиссия оның келуін қамтамасыз ету жауапкершілігін ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне немесе оны тәрбиелеп отырған білім беру ұйымының әкімшілігіне жүктейді. Аталған тұлғалар келуді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемелер береді.
Кәмелетке толмағанның және оның ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің қалауы бойынша оның адвокатына комиссия жұмысына қатысуға рұқсат етіледі.
Қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген, қоғамдық қауіпті қылық жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдар қаралған кезде отырысқа прокурор шақырылады.
Комиссия өткізілу күні, орны және уақыты отырыстың өткізілуіне кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда прокурорға міндетті түрде хабарланады.
Комиссия отырысы басталғанда төраға қаралатын материалдарды жариялайды және отырысқа қатысушыларды таныстырады. Бұдан кейін қажетті құжаттар оқылады, түскен материалдар мен негізделген шешім қабылдау үшін мәні бар жағдайлар қаралады, өтінішхаттар талқыланады және отырысқа қатысатын тұлғалар тыңдалады.
Қаралатын материалдарға байланысты өтінішхаттарды кәмелетке толмаған, оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері, адвокаттар, материалдарды қарауға қатысатын мамандар, сондай-ақ кәмелетке толмағанға, оның заңды өкіліне қатысты комиссияға жүгінген тұлғалар мәлімдеуі мүмкін. Мәлімделген өтінішхаттың қаралу нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.
Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға кері ықпал ететін жағдайлар зерттелген кезде комиссияның оны залдан шығаруға құқығы бар, бұл туралы отырыс хаттамасында тиісті жазба жазылады.
Кәмелетке толмағанның, оның ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралып отырған материалдардың сипатын ескере отырып, іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша жабық отырыс өткізе алады.
Қажет болған жағдайда комиссия істері қаралып жатқан адамдардың оқу орны, жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша көшпелі отырыстар өткізуі мүмкін.
дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі істер органдарына жолдайды;
осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар туралы шешім қабылдайды;
осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне ықпал ету шаралары туралы шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің дауыс беруінің көпшілігімен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда отырыста төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімінде мына мәліметтер көрсетіледі:
комиссияның атауы мен дербес құрамы;
отырыстың өткізілген күні мен орны;
материалдары қаралып отырған тұлға туралы мәліметтер;
қарау барысында анықталған мән-жайлар;
шешім қабылдауға негіз болған дәлелдемелер;
құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін немесе кәмелетке толмағанның құқықтарын кепілдендіретін нормативтік құқықтық акт;
кәмелетке толмағанға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия ұсынған шаралар, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз ету жүктелген органдар немесе адамдар;
шешімге шағымдану мерзімі мен тәртібі туралы түсіндірме мәліметтер.
Комиссияның шешіміне төраға мен хатшы қол қояды, ол отырыста жария етіледі және оны шағымдануға белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
Шешім орындалуы үшін ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберіледі және комиссия белгілеген мерзімде міндетті түрде қаралуға жатады.
Комиссия шешімінің бір данасы қол қойылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге немесе оның өкіліне мына тәсілдердің бірімен табыс етіледі (жолданады):
қолма-қол;
жеткізілгені туралы хабарламамен тапсырысты пошта арқылы;
электрондық пошта мекенжайы бойынша.
Комиссияның отырысы барлық қатысушылар алдын ала хабардар етіле отырып, міндетті түрде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы өткізіледі.
Органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары ұсынуды алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде оны қарап, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы тиісті комиссияны хабардар етеді.
комиссияның атауы мен дербес құрамы;
отырыстың күні мен өткізілген орны;
қаралған материалдардың мазмұны;
материалдары қаралып отырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні мен жері, тұрғылықты жері, сондай-ақ қарауға маңызы бар өзге де мәліметтер;
отырысқа қатысушы тұлғалардың келуі туралы мәліметтер және оларға өз құқықтары мен міндеттері түсіндірілгені туралы ақпарат;
комиссия отырысына қатысушылардың түсініктемелері;
материалдарды қарау барысында зерттелген құжаттар мен заттай дәлелдемелер;
мәлімделген өтінішхаттар және оларды қарау нәтижелері;
комиссия отырысында қабылданған шешімнің және (немесе) ұсынудың жария етілгені туралы мәліметтер;
қабылданған шешімге және (немесе) ұсынуға шағымдану мерзімдері мен тәртібі түсіндірілгені туралы мәліметтер.
Комиссия отырысының хаттамасына төраға, қатысқан комиссияның мүшелері және хатшы қол қояды және ол отырыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті органдар мен ұйымдарға жолданады.
Белгіленген мерзімде шағым беру тиісті шешімнің және (немесе) ұсынудың орындалуын тоқтата тұрады.
Шағым шешімді және (немесе) ұсынуды қабылдаған комиссияға беріледі.
Комиссия шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны жоғары тұрған комиссияға жолдайды.
Бұл ретте комиссия шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде қабылдаған жағдайда, оны жоғары тұрған комиссияға жолдамауға құқылы.
Шағым тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Комиссияның шешімі немесе ұсынуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор тарапынан наразылыққа келтірілуі мүмкін.
1) кәмелетке толмағандардың тәрбиесі, оқытылуы, құқық бұзушылық, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы мәселелері үшін жауапты басқа органдар мен ұйымдармен бірлесіп, өмірі мен денсаулығы қауіпті жағдайдағы, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж, ұзақ уақыт білім ұйымдарына бармаған кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың жеке есебін жүргізеді, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімдер қабылдайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды;
2) кәмелетке толмағанды орналастыру туралы шешімді білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына, еңбек мәселелері бойынша уәкілетті органға, отбасын қолдау орталығына жібереді, осы органдар мен ұйымдар кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімді алған күннен бастап екі апталық мерзімде комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар етеді;
3) ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің болмауына, ата-анасының ата-ана құқығынан айырылуына байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсерін тигізуі мүмкін өзге себептерге орай арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан шыққан, тәрбие колониясынан немесе кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босап шыққан кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн болмаған немесе қошталмайтын жағдайларда көрсетiлген мекемелер орналасқан жердегi комиссия кәмелетке толмағанның мүддесiн есепке ала отырып, өңірдегі бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде көмек көрсетедi, мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелді қорытындысы берiлген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды;
4) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) заңды өкілдердің келісімімен тиісті емдеу-профилактикалық және оңалту шараларын өткізу үшін психоактивті заттар, темекі өнімдері, электрондық тұтыну жүйелерін пайдаланатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына жолдайды;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына, отбасын қолдау орталықтарына, дағдарыс орталықтарына, балалар құқығын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға, арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, тәрбиелік колонияларға барып, тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларына және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына мониторинг жүргізеді және олардың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізеді;
7) арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сотқа кәмелетке толмағанның болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынумен жүгінеді;
8) кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру ұйымында болу мерзімі аяқталатын күннен кемінде бір ай бұрын, арнаулы білім беру ұйымының әкімшілігінен алынған хабарлама, сипаттама және ұсынымдарға сүйене отырып, кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша жеке профилактикалық шаралар қабылдауды ұйымдастырады, одан әрі тұрмыстық және еңбекпен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;
9) кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттарды пайдалану салдарынан туындайтын психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар) таралуының профилактикасы шараларын жүргізеді;
10) кәмелетке толмағандарға қатысты жеке профилактикалық шараларды қолдану, кәмелетке толмағанды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимдегі білім беру ұйымына жолдау туралы шешім қабылдайды.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, олардың құқықтары мен (немесе) мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамайтын немесе олардың қалыпты физикалық және моральдық дамуына теріс әсер ететін заңды өкілдерге комиссия келесі ықпал ету шараларын қолдана алады:
1) кәмелетке толмағанға келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа өтініш білдіру;
2) бала өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға баланы ата-анасынан немесе қамқорлығында тұрған басқа тұлғалардан жедел түрде тартып алу туралы өтінішпен жүгіну;
3) қорғаншыны немесе қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан шеттету, баланы патронаттық тәрбиелеуге, қабылдаушы отбасына, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына беру туралы шартты бұзу не баланы сот тәртібімен асырап алудың күшін жою туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға өтініш жасау;
4) комиссия тарапынан ата-аналық құқықтардан айыру туралы шешім шығарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сотқа ата-аналық құқықтардан айыру, сондай-ақ ата-аналарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа шараларды қолдану туралы өтініш беру;
5) ата-аналар (немесе оларды алмастыратын адамдар) балаларға арналған жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе, баланың мүддесі үшін негізсіз жұ
мсалған қаражатты өтеу туралы талап қою.