2026-2028 жылдарға арналған «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ «нақтылау сатысында» азаматтық бюджет

Бөлімнің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, бөлім бойынша бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына сәйкес қалыптастырылды, Железин ауданы әкімінің 2026 жылғы 29 мамырдағы «Железин аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» № 141/5 қаулысымен бекітілді 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 210/8 (VII сайланған XLI (кезекті) сессия)».

2026-2028 жылдарға арналған «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ бойынша аудандық бюджеттің атқарылуы, аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық меншікті басқару салаларында функцияларды жүзеге асыру үшін 84275,0 мың теңге сомасында, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде қаражат көзделген.

мың.теңге

№ р/с

Бағдарламалардың атауы

Жоспар

2026

жыл

2027

жыл

2028  

жыл

 

1

810001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін басқару және бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

961,0

0

0

 

2

810012 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі»

67294,0

0

0

 

3

810113 «Төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

16020,0

0

0

 

 

Барлығы

84275,0

0

0

 

   001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін басқару және бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша

          Мақсаты: жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру.

 012 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша

Мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін экономиканың нақты секторы бөлімінің жұмыс істеуі.

113 «Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша

Мақсаты: ауданның елді мекендерін абаттандыру және сумен жабдықтау мәселелері бойынша іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру

Дата публикации
09 июня 2026