«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру. "Актау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің есеп жөніндегі бас маманы, E-G-3.

Конкурсқа қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 5 сәуірдегі  "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" № 71 бұйрығына және "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 104 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

 E-G-3 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс өтілі талап етілмейді

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару

   

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг: 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

226837

260564

 «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)2-16-21, факс 8(71831)2-16-21, электрондық адрес: kupeeva.aislu@pavlodar.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

"Актау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің есеп жөніндегі бас маманы, E-G-3

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді.    Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

 «В» функционалдық блогі.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп жəне аудит, бухгалтер.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

      «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы    

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 Өтініш

     Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                        (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________

      Байланыс телефондары: ________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________ ___________________________

       (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

Дата публикации
28 мая 2026