Конкурсқа қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 5 сәуірдегі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" № 71 бұйрығына және "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 104 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:
E-G-3 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
E-G-3 |
226837 |
260564 |
«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)2-16-21, факс 8(71831)2-16-21, электрондық адрес: kupeeva.aislu@pavlodar.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
"Железин ауданы Новомир ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әлеуметтік сұрақтар жөніндегі бас маманы, E-G-3
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысын ресімдеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, туб. ауыратындарды, көп балалы аналарды есепке алуды жүзеге асырады. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басқа да мәселелер бойынша түсіндіру және әдістемелік жұмыс жүргізеді. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады. Көп балалы аналарды марапаттауға құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарт азаматтармен, мүгедектермен, зейнеткерлермен, Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен және мүгедектерімен, тыл еңбеккерлерімен, ауғанстанда болған жауынгерлермен, чернобыльдықтармен жұмысты жүзеге асырады. Олар бойынша тізімдер жасайды, тізімдерді түзетуді жүзеге асырады. Зейнеткерлерді ұйымдарға, ШҚ, ЖК-ға, қарттар күніне бекітіп беру жөніндегі тізімдерін дайындауды жүзеге асырады. Қайырымдылық қызметі бойынша жинауды жүзеге асырады және ақпарат береді. Өтініш берушінің материалдық көмек алу құқығы туралы мәселені шешу үшін өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін жасайды. Мүгедектерге, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді. Қандастардың көші-қонын есепке алуды жүзеге асырады. Новомир ауылдық округінің аумағында дін мәселелеріне жетекшілік етеді. Ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты ауылдық округтің ауыл шаруашылығы құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысты үйлестіру. Жастарды жасына қарай есепке алуды жүзеге асырады. Өз құзыреті бойынша мұрағатқа құжаттарды дайындауды жүзеге асырады. Өз құзыретіне сәйкес бюджетті қалыптастыру үшін деректерді дайындауды жүзеге асырады.
«В» функционалдық блогі.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: ветеринария, педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, денсаулық сақтау, қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))