Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.05.2026 - 26.05.2026
Қабылдау 1 этап: 25.05.2026- 26.05.2026
Қабылдау 2 этап: 28.05.2026
Практикалық бағалау: 29.05.2026
Анықтама телефоны: 87183121621
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкіметтің актілерін,
жергілікті мемлекеттік және орталық органдардың нормативтік құқықтық
актілерінің орындалуын бақылау, жер телімдерін беру және оның нысаналы
мақсатын өзгерту, жер телімін қайтарып алу, арнайы жер қорын ұйымдастыру,
жерді зоналау және бағдарламалар жобасын әзірлеу, аудан жерлерін ұтымды
пайдалану бойынша жобалау, иесіз жерлерді есепке алу, жердің бөліну,
бөлінбеу мәселелерін белгілеу, нақты жер телімдерінің кадастрлы (бағалау)
құнын, жер телімдерін құрудың жер орналастыру бойынша жобасын әзірлеу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
агрономия, құқықтану, мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына
келтіру және қоргау, кадастр, геодезия және картография, мемлекеттік және
жергілікті басқару, жобаларды басқару, жерге орналастыру, заңгер, жерге
орналастыру, стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.