Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4044767 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2349012 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 43776 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 29639 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1622340 мың теңге;
2) шығындар – 3706622 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 36894 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 86500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 49606 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең:
қаржы активтерін сатып алу – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 301251 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 301251 мың теңге.»;
2) 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай мөлшерде ескерілсін:
656394 мың теңге – елді мекендерің жолдар мен көшелерін орташа жөндеуге және күтіп ұстауға;
12970 мың теңге – елді мекендерде аббаттандыру және санитария жөніндегі іс-шаралар өткізуге және жерлеу орындарын ұстау;
3599 мың теңге – елді мекендерді жарықтандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
1748 мың теңге –ауылдық округтер әкімдері аппараттарын ұстауға, бұрын бюджетте көзделмеген;
12500 мың теңге –сумен жабдықтау жөніндегі іс- шараларды өткізуге.»;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың төрағасы |
|
Т.М.Даулетов |