«Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің «Железин ауданы қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылындағы көшені қайта атау туралы» жоба (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 10 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде.
Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі Жаңа жұлдыз ауылында «Юбилейная » көшесін «Астана » көшесіне қайта атау болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» сайтында 08.12.2020 жылдан бастап 24.12.2020 жылға дейін орналастырылған.