Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қараша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде.
Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Еңбекші ауылдық округінің Уәлиханов ауылында «Молодежная» көшесін «Жастар» көшесіне қайта атау болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Ашық НҚА» сайтында 08.12.2020 жылдан бастап 24.12.2020 жылға дейін орналастырылған.