Железин ауданы Веселорощин ауылдық округінің Веселая Роща ауылында көшені қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Веселорощин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Железин ауданы Веселорощин ауылдық округінің Веселая Роща ауылында «Осенний» көшесін «Бидайық» көшесіне қайта аталсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Веселорощин ауылдық 

округінің әкімі                                                                          С.Исенова

Дата публикации
08 декабря 2020