«Веселорощин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Железин ауданы Веселорощин ауылдық округінің Веселая Роща ауылында көшені қайта атау туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде.

Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданының Веселорощин ауылдық округі Веселая Роща ауылында «Осенний» көшесін «Бидайық» көшесіне қайта атау болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2020 жылғы 08.12 «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
08 декабря 2020