«Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің «Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылындағы көшені қайта атау туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Железин  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің «Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылындағы көшені қайта атау туралы» жоба  (бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы  2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы  4) тармақшасына сәйкес, Железин ауылдық округінің Железинка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде.

Көрсетілген шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылында «Дзержинский» көшесін «Егемендік» көшесі деп қайта атау болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Ашық НҚА» сайтында 8.12.2020 жылдан бастап 24.12.2020 жылға дейін орналастырылған.

Дата публикации
08 декабря 2020