Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әкім                                                                            К. Айсаков

 

Дата публикации
08 декабря 2020