Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.05.2026 - 05.05.2026
Қабылдау 1 этап: 04.05.2026- 05.05.2026
Қабылдау 2 этап: 06.05.2026
Практикалық бағалау: 07.05.2026
Анықтама телефоны: 87183121621
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесінің терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі
бас маман , E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мемлекеттік және
атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін
үйлестіруді жүзеге асыру;Железин ауданы әкімідігінің қабылдауы және
Железин ауданы мәслихатының бекітуімен Железин ауданының аумағында
діни эктремизм мен терроризмге қарсы іс қимыл саласындағы нормативтікқұқықтық актілерді әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру; Железин
ауданының терроризмге қарсы комиссиясының (әрі қарай - ТҚК) қызметін
үйлестіруді жүзеге асыру;Железин ауданы әкімдігінің мүдделі бөлімдерімен
және Қазақстан республикасы департаменттері мен ведомстволарының
аудандық бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан республикасындағы діни
экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға бағытталған бағдарламалық
құжаттарды үйлестіру;
Железин ауданының ТҚК отырыстарының хаттамалық тапсырмаларын
орындау бойынша мәліметтерді жинақтауды және жоғарыда көрсетілген іс
шаралар бойынша атқарылған іс шаралар туралы есептерді Павлодар облысы
бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаментіне және павлодар
облысы әкімінің аппаратына ұсынуды жүзеге асыру; Меншік нысанына
қарамастан, Железин ауданының аумағында орналасқан ведомстволық
бағынысты мекемелер мен ұйымдардың діни эктремизм мен терроризмге қарсы
іс-қимыл саласындағы аудан ТҚК тапсырмаларының орындалуын үйлестіру;
Железин ауданы аумағында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл
мәселелері жөніндегі құжаттарды қарауға қатысу; Дағдарыс жағдайына қауіп
төнген және туындаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс
қимыл жоспарына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары мен
аудандық бөлімшелерінің департаменттері мен ведомстволарының қызметін
үйлестіруді жүзеге асыру;Аудан әкімі аппаратының және ауданның жергілікті
атқарушы органдарының әскери міндетті қызметкерлерін броньдау жөніндегі
жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;Өз құзыреті шегінде аудан әкімінің,
аудан әкімі аппараты басшысының тікелей тапсырмаларын орындау; Ішкі
еңбек тәртібінің ережелерін сақтау; Ақпараттық қауіпсіздікті және ақпараттық
қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі
міндеттемелерді қамтамасыз ету
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
алғашқы әскери дайындық, дінтану, шығыстану, теология, түркітану, құқық
қорғау қызмет, исламтану, құқық, тарих және дінтану, әскери іс, ұлттық
қауіпсіздік
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс
өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен
кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.