«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру. "Железин ауданы Железин селолық округі әкімінің аппараты" ММнің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік
мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.04.2026 - 22.04.2026
Қабылдау 1 этап: 21.04.2026- 22.04.2026
Қабылдау 2 этап: 23.04.2026
Практикалық бағалау: 24.04.2026
Анықтама телефоны: 87052665425
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Железин ауданы Железин селолық округі әкімінің аппараты" ММнің бас
маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысын
ресімдеуге құжаттар қабылдауды жүргізеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған адамдардың есебін жүргізеді.
Жұмыссыздармен жұмыс жүргізеді. Бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды, тубболшыларды есепке алу. Көп балалы аналарды
марапаттауға құжаттарды қабылдау. Маргиналды топтар үшін құжаттаманы
рәсімдеуге құжаттар жинау. Жалғызбасты, жалғыз тұратын қарт азаматтармен
жұмыс, мүгедектерді, зейнеткерлерді есепке алу және жұмыс. ҰОС
қатысушылары мен мүгедектерінің, тыл еңбеккерлерінің, ауған
жауынгерлерінің, чернобыльдықтардың жұмысы мен есебі. Азаматтардың
хаттарымен және өтініштерімен жұмыс. Қарттар күніне арналған тізімдерді
дайындау. Халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету
бойынша ұсыныстар жобаларын дайындау. Аз қамтылған адамдарды анықтау,
жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізу,
жалғызілікті, қарт және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсету
мен бақылауды ұйымдастыру. Әлеуметтік қызметкерлердің қызметіне
бақылауды жүзеге асыру. Жұмыскерлерді еңбек туралы заңнамаға, ауылдық
округ әкімінің ережелері мен өкімдеріне, сондай-ақ кадрлар жөніндегі басқа да
белгіленген құжаттамаға сәйкес қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан
шығаруды ресімдеу. Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және
жүргізу, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді. Железин
ауылдық округі әкімінің жеке құрамы бойынша өкімдер кітабын жүргізеді.
Еңбек кітапшаларын және өзге де құжаттарды толтырады, есепке алады және
сақтайды, қызметкерлердің еңбек қызметі туралы анықтамалар береді. Кезекті
демалыс кестелерінің жасалуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Уақыт кестесін жүргізеді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерін бос
жұмыс орындары туралы хабардар етеді. Ауылдық округте мерекелік, мәдени,
спорттық іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Әкімнің басқа да
тапсырмаларын құзыретіне сәйкес орындайды.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: агрономия, педагогика
және психология, су қорлары және суды пайдалану, әлеуметтік жұмыс,
агроинженерия, құқық, жерге орналастыру, стандарттау, сертификаттау және
метрология (салалар бойынша), геология, ветеринария, көлік қызметтері, орман
шаруашылығы, балық шаруашылығы, бизнес және басқару, инженерия және
инженерлік іс, сәулет және құрылыс, гуманитарлық ғылымдар, мектепке
дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, пәндік мамандандырылмаған
мұғалімдерді даярлау, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін
даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, гуманитарлық
пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша
мұғалімдерді даярлау, әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын
даярлау, өнер, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және
ақпарат, биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта, физикалық
және химиялық ғылымдар, математика және статистика, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық
қауіпсіздік, су шаруашылығы, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, гигиена
және өндірісте еңбекті қорғау, әскери іс, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық
қауіпсіздік, қызмет көрсету саласы, арнайы педагогика
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
17 апреля 2026