Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.