Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар зейнетақы жинақтарын алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгіне алады. Сондай-ақ Қордың ресми сайтындағы (enpf.kz) немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, өтініш беруге болады.
Назар аударыңыздар! БЖЗҚ-да бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдар үшін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беріледі, оның ішінде Қор қызметтерін маманның баруынсыз, қашықтан алу мүмкіндігі де тексеріледі.
Әлемдегі барлық аурулардың 80% -ы ауыз судың қанағаттанарлықсыз сапасына және сумен жабдықтаудың санитарлық-гигиеналық нормаларын бұзуына байланысты екенін ДДҰ сарапшыларымен анықталды.
Егер ауыз суда жұқпалы аурулардың қоздырғышы болса, су олардың таралу көзі бола алады және эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті болуы мүмкін. Су арқылы тырысқақ, іш сүзегі, паратиф B, дизентерия, туляремия, лептоспироз сияқты аурулар жұғады. Аз, бірақ соған қарамастан, манызды су жолдарымен жұғатын бруцеллез, А және Е гепатиттері, полиомиелит аурулар. Көптеген жұқпалы аурулар түлғанып көрінеді, олар үшін су арқылы жұғу өзектілі оларға тікелей ластанған су ішу арқылы болатын аурулар жатады. Су арқылы жұғатын инфекция тобынына шомылуға арналған су арқылы, қолды жууға немесе суару үшін қолданатын, техникалық мақсаттарда пайдаланатын су арқылы адам ағзасына түсетін инфекциялар жатады. Бұл аурудың себебі вирустар мен бактериялар болуы мүмкін, сонымен қатар су арқылы паразиттік патологиялар да, оның ішінде педикулоз жұғуы және тері зақымдануы мүмкін.
Ішуге және тамақ дайындау үшін тек таза суды ғана пайдалану қажет. Егер мұқият дезинфекция жүргізілсе, су арқылы жұғатын аурулардың санын барынша азайтуға болады. Дезинфекциялауды өткізген кезінде патогендік микробтар жойылады, осылайша микробтар адам ағзасына кіре алмайды және сумен жабдықтау жүйесінде көбие алмайды.
Егер су қоймада су өңделмеген болса, онда халықтың жұқтыру қаупі бірнеше есе көбейеді. Суды залалсыздандыру ең қарапайым қолжетімді, ыңғайлы және сенімді тәсілі суды 5-10 минут қайнату.
Жеке гигиеналық іс-әрекеттер бойынша ерекше ескерту керек: ішуге және тамақ дайындауға, ыдыс-аяқтарды жууға, гигиеналық процедураларға және т.б. тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану қажет. Гигиеналық ережелер қарапайым, бірақ тиімді. Оларды сақтау ішек инфекцияларынан сақталуына көмектеседі және олардың таралуына жол бермейді.
[15:04, 09.10.2026] +7 705 609 5041: Кеден одағы аясында 34 техникалық регламент бекітілді, оның ішінде ҚО ТР 022/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағының комиссиясының 880 шешімімен бекітілді, ҚО ТР 022/2011 «Танбалануы бөлігіндегі тағам өнімдері» Кеден одағының комиссиясының 881 шешімімен бекітілді. Техникалық регламент - бұл міндетті қолдану және орындау үшін техникалық реттеу объектілері талаптарын және осы талаптарға сәйкестікті бағалау продецурасын белгеуші нормативтік құқықтық құжат.
ТР ТС 021/2011 «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қабылдау мақсаттары: 1)адамнын өмірі мен денсаулығын қорғау; 2) сатып алушыларды (тұтынушыларды) адастыратын әрекеттерден алдын алу; 3) қоршаған ортаны қорғау және жою.
Азық-түлік қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптар:
1.Кеден одағының кедендік аумағында айналымда болған тамақ өнімдер, бағытталған ретінде пайдаланған кезде, белгіленген мерзім ішінде, қауіпсіз болуы керек.
2.Айналымда болған тамақ өнімдерінде адам және жануарлардын ден саулығына қауыпты болатын инфекция, паразитарлық аурулардын қоздырғыштары мен олардын токсиндерін болуына жол берілмейді.
3.Тамақ өнімдерінін жарамдылық уақыты мен сақтау мерзімін дайындаушы белгілейді.
4.Тамақ өнімдері мен байланыста болған бұйымдар мен орауыш материалдары Кеден одағының тиісті техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкес болуына тиіс
5. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде қолданылатын азық-түлік қоспаларына, дәмдеуіштерге және технологиялық құралдарға қойылатын талаптар Кеден одағының тиісті техникалық регламенттерімен белгіленеді.
ҚО ТР 022/2011 «Танбалануы бөлігіндегі тағам өнімдері» Кеден одағының техникалық регламенттерін қабылдау туралы. Оралған тамақ өнімдерін таңбалаудың негізгі талаптары :
1) тамақ өнiмдерiнiң атауы;амақ өнімдерінің таңбалануы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
2) тамақ өнiмдерiн өндiру күнi;
3) тамақ өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмi;
генетикалық түрлендірілген организмдер (бұдан әрі - ГМО) пайдалану арқылы алынған компоненттердің азық-түлік өнімдерінде болу туралы ақпарат.
5) мемлекеттер нарығындағы өнімнің айналымының бірыңғай белгісі - Кеден одағының мүшелері;
6) тамақ өнiмдерiн өндiрушiнiң атауы мен орналасқан жерi немесе жеке кәсiпкердiң - тамақ өнiмдерiн өндiрушiнiң - тегi, аты, әкесiнiң аты және орналасқан жерi.
7) Тамақ өнімдерін таңбалауы орыс тілінде және мемлекеттің мемлекеттік тілінде болуы тиіс, егер Кеден одағының мүшесі мемлекет заңнамасында (заңдарына) тиісті талаптар болса, Кеден одағының мүшесі 4-бабының 4,8 тармағының 3-бөлігінде көрсетілген тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарынан басқа.
[15:04, 09.10.2026] +7 705 609 5041: ҚО ТР 022/2011 «Танбалануы бөлігіндегі тағам өнімдері» Кеден одағының техникалық регламенттерін қабылдау туралы. Оралған тамақ өнімдерін таңбалаудың негізгі талаптары :
1) тамақ өнiмдерiнiң атауы;амақ өнімдерінің таңбалануы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
2) тамақ өнiмдерiн өндiру күнi;
3) тамақ өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмi;
генетикалық түрлендірілген организмдер (бұдан әрі - ГМО) пайдалану арқылы алынған компоненттердің азық-түлік өнімдерінде болу туралы ақпарат.
5) мемлекеттер нарығындағы өнімнің айналымының бірыңғай белгісі - Кеден одағының мүшелері;
6) тамақ өнiмдерiн өндiрушiнiң атауы мен орналасқан жерi немесе жеке кәсiпкердiң - тамақ өнiмдерiн өндiрушiнiң - тегi, аты, әкесiнiң аты және орналасқан жерi.
7) Тамақ өнімдерін таңбалауы орыс тілінде және мемлекеттің мемлекеттік тілінде болуы тиіс, егер Кеден одағының мүшесі мемлекет заңнамасында (заңдарына) тиісті талаптар болса, Кеден одағының мүшесі 4-бабының 4,8 тармағының 3-бөлігінде көрсетілген тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарынан басқа.
Биологиялық белсенді қоспалар - бұл тұрақты тұтыну арқылы денсаулықты жақсартатын, құрамында адамның рационың байыту үшін табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен бірдей заттардың компоненттері бар тағамдарға арналған қоспалар. Биологиялық белсенді қоспалар денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолданылады, бірақ олар дәрі емес және емдік қасиеттері жоқ. Интернет көздерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы жиі кездеседі, бірақ егер қаптамасында дұрыс емес немесе толық емес ақпарат болса, ол адамдарды жаңылыстыруы мүмкін.
Мұндай қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптар 27.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-160/2020 биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру ережелерімен реттеледі. Осы талаптарға сәйкес жарнама сипаттамалары, құрамы, тұтынушылық қасиеттері, бағасы (құны), қолданудың болжамды нәтижелері, сынау және зерттеу нәтижелері бойынша тұтынушыларды жаңылыстырмауы тиіс. Жарнамада ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға жол берілмейді.
Биологиялық белсенді қоспаларды жарнама арқылы сатып алған жағдайда, келесі жағдайларға назар аударылуы қажет:
- сауда атауының болуы;
- атауы;
- өндірушінің және Қазақстан Республикасында өндірушінің шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның мекенжайы;
- құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтер;
- қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстар;
- қолдану тәсілі және дозалары;
- негізгі жанама әсерлер мен қарсы көрсеткіштер;
- жүкті әйелдердің,сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;
- өнімді босату шарттары.
Бұдан басқа, міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні көрсетіледі, ол өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетінін, биологиялық белсенді қоспа болып табылатынын және қажетті қасиеттерге ие екенін көрсетеді.
Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен 8 (71831) 2-23-43 нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалу немесе +7 777 393 5597 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу арқылы тексере аласыз.
Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 - 14.30), сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Барша тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным білдіруге және Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының сайлауға қатысуға шақырамыз!

Салымшы зейнетақы активтерін басқаратын ИПБ-ны және инвестициялық портфельді, яғни тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдауға құқылы.
Өз кезегінде, ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ бұл теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді.
Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді» деп көзделген.
Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі.
Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді.
Рахат Сабырұлы Жолдыбаев Железин ауданының Қазақстан ауылдық округінің тұрғындары тікелей сайлау нәтижесінде әкім лауазымына сайланды, ресми түрде 2026 жылғы 1 қазаннан өз міндеттеріне орындауға кірісті
Жолдыбаев Рахат Сабырұлы 2000 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл ауылында дүниеге келген.
"Железин ауданы, Жаңа жұлдыз ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде" шамамен 3 жыл жұмыс істеді. 2024 жылдың мамыр айынан бастап –Железин ауданы әкімі аппараты бас маманының м.а., "М.Дулатұлы ат. № 3 жалпы білім беретін орта мектебі " КММ логопед-мұғалімі. ", 2024 жылғы шілдеден бастап Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Айбат" жастар бастамаларын дамыту орталығының" директорының м.а., 2025 жылдың тамыз айынан бастап "М.Дулатұлы ат. №3 жалпы білім беретін орта мектебі " КММ басшысының м.а. ", 2025 жылдың
1 желтоқсанынан бастап - "Железин ауданы Жаңа жұлдыз ауылының жалпы білім беретін орта мектебі" КММ логопед-мұғалімі.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚСентрасСекьюритизАҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ(Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Айсаков Канат Жумабаевич Железин ауданы Железин ауылдық округінің тұрғындары тікелей сайлау нәтижесінде әкім лауазымына сайланды, 2026 жылғы 1қазаннан өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Айсаков Канат Жумабаевич 1968 жылы 8 сәуірде Комаровка ауылында дүниеге келген.
"Железинский" совхозында 2 жылға жуық малшы, әскери теңіз флоты қатарында 3 жыл, Мемлекеттік тергеу комитетінің басқармасында, Павлодар облысының Ішкі істер басқармасында 7 жыл қызмет атқарды
2021 жылдың мамыр айынан - Железин ауданы ішкі саясат басқармасының бас маманы. 2002 жылдың қыркүйегінен - Железин аудандық мәслихатының бас маманы. 2007 жылғы маусымнан 2016 жылғы желтоқсанға дейін – Железин ауылдық округі әкімінің орынбасары. 2016 жылдың желтоқсан айынан - Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 2018 жылдың сәуір айынан – Железин ауылдық округі әкімінің кеңесшісі
2018 жылдың қараша айында Железин ауданы Железин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2022 жылғы 9 қарашадан бастап тікелей сайлау сәтінен бастап Железин ауылдық округінің әкімі болды Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.