Семинар-кеңес

ХАТТАМА № 2

 

 

Павлодар қ., Астана көш., 61                                                      2026 жылғы 14 қаңтар

кіші зал, 3 қабат

 

Семинар - кеңес, құқықтық жалпыға бірдей оқыту

                              

Төрағалық еткен: басқарма басшысы А.Тілеубаев  

Хатшы:  Б. Ауталапова

Қатысқандар: басқарма қызметкерлері.

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 2-21-25-04325 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымхатын қарау.
  2. Павлодар облысы прокуратурасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 2-13-25-10848 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымхатын қарау.

 

Сөз сөйлегендер: Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ә.С. Жүсіпова және әкімшілік бөлімінің бас маманы                                    Б.А. Ауталапова.

 

Ә.С. Жүсіпова ұсынымхатқа шолу жасап, басқарма қызметкерлері тарапынан жіберілген бұзушылықтарды атап өтті. Әрбір бұзушылық фактісі бойынша жағдайлар талқыланды.

Б.А. Ауталапова ҚР ӘРПК нормаларын түсіндіріп, өтініштерді қарау мерзімдерін, қайта жіберу мерзімдерін, «Documentolog» АЖ жүйесіне өтініштерді ауыстыруды сақтау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ қызметкерлердің назарына өтініштерді спасыз қарау және олар бойынша шешім қабылдау мәселелерін жеткізді.

Ж. А. Орхан басқарма қызметкерлеріне хаттамалық тапсырмаларды сапасыз қарастырғаны туралы мәлімдеді. Облыстық Ведомствоаралық комиссияның отырысының хаттамасы талқыланды, хаттамада тапсырма бойынша дайындалған ақпарат толық болмай, тапсырма орындалмаған деп есептелген.

Кеңес қорытындысы бойынша, ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:

Баяндамашылардың ақпаратын жұмыста басшылыққа алу ескерілді.

Кеңес қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:

  1. Басшылар бөлім мамандарының арыздарды сапалы қарауын бақылауға алсын (арыздарға толық жауап беру, қарау мерзімі).

Мерзімі: Тұрақты.

  1. Басқарма қызметкерлері қажет болған жағдайда e-Өтініштен Documentolog жүйесіне (коммерциялық ұсыныс, көмек көрсету, жарнама және т.б.) өтініштерді ауыстыруға тиіс.

Мерзімі: Тұрақты.

  1. Ұсынымхатта көрсетілген заңдылықты бұзғаны үшін басқарма қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілікке тартылуы туралы мәселесі қарастырылсын.

Мерзімі: 2026 жылғы 14 және 15 қаңтар.

 

 

 

Төраға     ______________________ А. Тілеубаев

 

Хатшы   ________________________   Б. Ауталапова

 

 

Семинар-кеңес
Дата публикации
19 января 2026