Жалпыға бірдеу құқықықтық оқыту семинар-кеңесі

№ 3 ХАТТАМА

 

Павлодар қ., Астана к., 61                                       2025 жылғы 19 қыркүйек

Кіші зал, 3 этаж

 

Семинар-кеңес

Төрағалық етті – Басқарма басшысы А.А. Тлеубаев

Хатшы – Б. А. Ауталапова

Қатысқандар: Басқарма қызметкерлері және Павлодар облысының ветеринария басқармасына қарасты «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметкерлері (бұдан әрі – ОВС)

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау мәселесі.
  2. ОВС-та сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы.

Баяндамашылар: Басқарма басшысының орынбасары А.С. Жүсіпова және ОВС комплаенс-офицері А.Ж.Ташенов

 

  1. Мемлекеттік қызмет этикасы – бұл жай ғана мінез-құлық ережелерінің жиынтығы емес. Бұл – қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің негізі, мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысында заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудің тірегі.

Қазақстан Республикасында этиканы сақтау заңнамалық деңгейде бекітілген және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі қағидаттарын айқындайды: заңдылық, адалдық, қарапайымдылық, ашықтық, сыпайылық, қызметтік тәртіпті сақтау және мүдделер қақтығысын болдырмау.

Кодекс мемлекеттік қызметшілерге кез келген құмар ойындарға, соның ішінде казинолар мен ұтысқа қатысуға мүмкіндік беретін онлайн-платформаларға баруға қатаң тыйым салады. Мұндай әрекеттер жеке және кәсіби беделге нұқсан келтіреді, қарызға батып кету қаупін тудырады және сыбайлас жемқорлықтың себебіне айналуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметші қызмет бабында да, жеке өмірінде де жауапкершілік пен парасаттылықтың үлгісі болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер міндетті:

  • іскерлік қарым-қатынас стилін ұстануға;
  • басшылардың тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындауға;
  • қызметтік қарым-қатынаста әдепсіз және ерсі мінез-құлықтан аулақ болуға;
  • әріптестермен және басшылықпен этика нормаларына сәйкес қарым-қатынас жасауға;
  • этикалық Кодекс ережелерін қатаң сақтауға;
  • барлық деңгейде жоғары мәдениетті мінез-құлық көрсетуге;
  • субординацияны сақтауға;
  • жас қызметкерлерге жауапкершілік пен өзін-өзі құрметтеу сезімін дарытуға.

Этикалық нормаларды сақтау – бұл қосымша талап емес, мемлекеттік қызметтің негізгі стандарты.

Әрбір мемлекеттік қызметші өз сөзі, әрекеті мен ісі үшін жеке жауапкершілік арқалайды.

 

  1. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және қоғамның тұрақты дамуының маңызды шарты.

Бұл жұмыстың басты мақсаты – қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сенімін нығайту және ветеринария саласында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға жағдай жасау.

Аталған мақсатты орындау үшін ветеринариялық мамандармен үнемі кеңестер өткізіледі.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 27 мамыр мен 5 маусым аралығында бекітілген кестеге сәйкес шығу кеңестері ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен қағидаттарды сақтау мәселелері талқыланды.

Ветеринариялық бөлімдердің қызметкерлеріне ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

Кеңестер барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған негізгі қағидалар мен ережелер қаралды:

  • ветеринариялық анықтама беру үшін материалдық сыйақы алу және қызметті жұмыс уақытынан тыс көрсету;
  • қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану;
  • құмар ойындарға тәуелділік және басқа да тәртіп бұзушылықтар, олар ветеринариялық мамандардың адалдығы мен объективтілігіне әсер етуі мүмкін.

Тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, қызметкерлердің ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында қосымша түсіндіру іс-шараларымен шығу жоспарлануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды енгізу және сақтау бойынша белсенді жұмыс жалғасын табады.

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Баяндамашылардың ақпаратын ескере отырып, жұмыс барысында басшылыққа алу.

Кеңес қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:

 

  1. Мемлекеттік қызметшілерге:

 

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі нормаларын қатаң сақтау, оның ішінде қызметтік және жеке өмірде жоғары мәдениетті мінез-құлық таныту, субординацияны сақтау, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ қоғамдық ортада және әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет ету арқылы қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту және оның беделін арттыру.

Мерзімі: тұрақты.

 

 

  1. ОВС басшысына:

 

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелері, мемлекеттік ветеринариялық қызметтер көрсету тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен этика нормалары тақырыптары бойынша аудандық және қалалық бөлім қызметкерлерімен оқыту семинарларын жүйелі түрде өткізуін қамтамасыз ету.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптардың сақталуын ішкі бақылаудыкүшейту:
    мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі жұмыс уақытын сақтау;

          құжаттаманы дұрыс жүргізу және мүдделер қақтығысын болдырмау.

Мерзімі: тұрақты.

 

 

 

Төраға: _____________________ А. Тілеубаев

Хатшы: _____________________ Б. Ауталапова



 

 

Жалпыға бірдеу құқықықтық оқыту семинар-кеңесі
Дата публикации
23 сентября 2025