Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу жөнінде

2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірледі.

Қағидаларда бірдейлендіру деп ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді АШЖБ дерекқорына енгізе отырып, биркалау, чиптеу және таңбалау жолымен жеке сәйкестендіру нөмірін берумен сүйемелденетін жануарларды есепке алу рәсімі түсініледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);

асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.

Бірдейлендіру әдісі ауыл шаруашылығы жануарының түріне қарай жүргізіледі:

- сырғалау (ірі қара малға, ұсақ малға, шошқалар мен түйелерге). Ірі қара мен ұсақ малдың оң құлағына бір ілмелі белгі бекітіледі.

         - таңба басу жылқыларға (суық, ыстық) ;

         - жылқыларға арналған чиптер. Чип мойын аймағына бұлшықет ішіне енгізіледі бұл өмір бойына төлқұжат болып табылады. Чиптен кейін жануарларды сәйкестендіруді тексеру тек ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарының «сканерлерінің» арнайы техникалық құралдарын қолдану арқылы мүмкін болады.    

Ветеринариялық паспортты және ондағы мәліметтерді ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері деректер базасында электрондық түрде қалыптастырады және ветеринариялық ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйымға жүгінген кезде ветеринариялық паспорт деректер базасынан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт ұсақ малды, шошқаларды қоспағанда, жеке беріледі.

Ұсақ малға (қой, ешкі), шошқаға ветеринариялық паспорт топқа (отарға) беріледі.

АШЖБ және ЕАСУ бағдарламасының Web-порталдық нұсқасы рай-line режимінде райветстанциялар мен ветпункттердің ветеринарлық дәрігерлерінің мал басын есепке алуды жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ күн мен түннің кез келген уақытында ветеринарлық дәрігерлерге жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің шығу тегі мен орнын бақылауға мүмкіндік береді. 

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады (чиптеуді қоспағанда).

Қағидалардың талаптары ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен және ұстаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

 

Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу жөнінде
Дата публикации
16 сентября 2025