2025 жылғы «25» тамыздығы
№ 236/1 Павлодар облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 20-тармағының 32) және 36) тармақшалары алып тасталсын;
20-тармақ келесі мазмұндағы 41), 42), 43), 44), 45) тармақшаларымен толықтырылсын;
«41) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;
42) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;
43) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;
44) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
45) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйым үшін заттай нормаларды әзірлеу және бекіту.».