Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларында:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;»;
4), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) шұғыл ден қою шаралары – адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға және (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде әрекеттер.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аулануға иесінің және (немесе) жауапты тұлғаның сүйемелдеуінсіз қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, иесіз қалған ғимараттарда, елді мекендердің шетінде, саяжай алқаптарында және өзге де орындарда жүрген қараусыз қалған жануарлар, сондай-ақ иесіз жануарлар жатады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1 -тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Шұғыл ден қою шараларын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1 -тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Ауланған жануар уақытша ұстау пунктіне немесе жануарларға арналған панажайға жеткізілген кезде үй жануарларын есепке алу бұйымдарының (құралдары) болуы, сондай-ақ үй жануарларын есепке алу дерекқорында жануардың иесі және (немесе) жауапты адам туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы Қағидалар шеңберінде жануарларды өлтіруге Заңның 15-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттарды қолдану арқылы гуманистік медикаментоздық тәсілмен (эвтаназия) жүргізіледі.»
мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2 -тармақтармен толықтырылсын:
«25-1. Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу кезінде оларды өлтіруге мысықтарды қоспағанда, қаңғыбас жануарларға қатысты, оларды жаңа иелеріне беру мақсатында жануарларды қорғау ұйымдарынан немесе өзге де тұлғалардан өтініштер болмаған жағдайда жол беріледі. Мұндай жануарлар уақытша ұстау пунктіне түскен күннен бастап 5 күнтізбелік күн өткен соң эвтаназия жолымен өлтірілуге жатады.
25-2. Жануарларға арналған панажайларға және (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен иесіз жануарларды, мысықтарды қоспағанда, егер мұндай жануарлар ауру болса, негізсіз агрессия танытса, орналастырылмаса және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткеннен кейін оларды иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалар талап етпесе, жансыздандыруға жол беріледі.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз жануарлардың санын уларды, химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге жол берілмейді.».