Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларында:
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі және (немесе) жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға, оның ішінде оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне не оны ұстау үшін қажетті жағдайлар жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларға беру арқылы шаралар қабылдайды.
Үй жануарын жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде үй жануарының иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етеді.»;
11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1. Жануардан бас тарту басқа тұлға оған меншік құқығын алғанға, үй жануары жануарларға арналған панажайға берілгенге не оны жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін үй жануарының иесінің немесе жауапты адамның үй жануарына қатысты міндеттерінің тоқтатылуына алып келмейді.».