3-тарау. "Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
"Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы Ақпараттандыру туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
1) дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын иеленуші туралы, өзектендіруге (түзетуге) мәлімделген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы қолда бар мәліметтерді тексереді және олардың ұсынылған құжаттарға сәйкестігін айқындайды;
2) дерекқордағы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды зерделейді;
3) осы Қағидалардың 24-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді түзету бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыруды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) актісі жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірмені рәсімдейді.
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірме дерекқорда электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі не дерекқордан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы не осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не қолма-қол беріледі.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2025 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сот шешімі негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруге (түзетуге) арналған дерекқор функционалына қолжетімділікті Ақпараттандыру туралы Заңға сәйкес ведомство ұсынады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2025 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, ветеринария саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
көрсетілген қызметті беруші, жергілікті атқарушы орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасығышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.