
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – жануарларды тіркеу, оның ішінде бірдейлендіру өнімдерін (құралдарын) пайдалану арқылы жануарларға жеке нөмір беру, таңбалау, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтер базасында мәліметтерді беру және ветеринариялық паспортты беру рәсімі.
Жануарларды бірдейлендіру жануарлардың да, жануарлардан алынатын өнімдердің де қадағалануын қамтамасыз етеді, сонымен қатар эпизоотиялық қауіпсіздік пен азық-түлік қауіпсіздігін тек ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар сыртқы нарықтарға сату кезінде де қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – жануарларды тіркеу, таңбалау арқылы жеке нөмір беру және жануар мен оның иесі туралы мәліметтерді электронды дерекқорға енгізу рәсімі. Ереженің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ауылшаруашылық жануарлары бірдейлендіруге тиіс. Заң талабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің төлдері туған күнінен бастап жеті күннен кейін он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі, тек таңбалау кезінде төлдер төрт айлық жастан бастап бірдейлендіріледі.
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары, барлық жеке және заңды тұлғалар өз меншігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуге міндетті екенін естеріңізге саламыз. Ол үшін жеке тұлғалар жергілікті мал дәрігерлік пунктке алынған төл малдары туралы хабарлауы тиіс, ал шаруа қожалықтарының басшылары әр жылдың басында алдағы төлдеудің кестесін ұсынуы қажет. Жергілікті ветеринария мамандары мал иелерінің хабарламасы және төлдеудің кестелері бойынша өздеріне қызмет көрсететін аумақтағы малды анықтайды.