Облыс жерінің жалпы ауданы 12 млн. 459,5 мың га құрайды, оның ішінде:
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 685,8 мың га, оның ішінде егістік 1 993,7 мың га, тыңайған жерлер 272,7 мың га, шабындық 203 мың га, жайылым 5 117 мың га.
- елді мекендердің жерлері 1 869,9 мың га;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері 123,3 мың га;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 357,9 мың га;
- орман қорының жерлері 126 мың га;
- су қорының жерлері 79,1 мың га;
- босалқы жерлер 2 217,5 мың га, оның ішінде тыңайған жерлер 246,2 мың га, шабындықтар 56,1 мың га, жайылымдар 1 448,3 мың га.
Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 11 149,1 мың га құрайды,оның ішінде 2 034,5 мың га егістік, 552,8 мың га тыңайған жер, 8 261,9 мың га жайылым, 296,8 мың га шабындық, 3,1 мың. га көп жылдық екпелер.
Облыстың суармалы жерлерінің жалпы 191,2 мың га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 165,7 мың га, босалқы жерлер 14,5 мың га, басқа санаттағы жерлер 11 мың га.