Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы Павлодар облысы Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысын (бұдан әрі-Жоба) әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік–экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.