БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 «Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 «Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 58/5 «Павлодар облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3212 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

Павлодар облысының әкімі

 

Ә. Сқақов

 

 

Областық мәслихат хатшысы

 

Е. Әйткенов

 

Дата публикации
21 октября 2021