Павлодар облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 маусымдағы № 281/31 және 2026 жылғы 21 тамыздағы № 304/33 шешімімен бекітілген Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 161/1 қаулысымен қалыптастырылған Павлодар облысының жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Семей аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Павлодар облысы Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінің аумағында орналасқан тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскесін беру туралы мәселе шығарылады.
Қатысқандар: Комиссия мүшелері.
Қатыспағандар: Комиссия мүшелері.
Төрағалық етуші: С. Б. Батырғұжинов – комиссия төрағасы, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Баяндайды: М.Қ. Хамитов – облыстың жер қатынастары басқармасының басшысы.
Қарастырылып отырған ауданы 2,0 га жер учаскесі Павлодар облысы Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінің аумағында орналасқан, зымыран-артиллериялық қару-жарақтың көп бейінді қоймасын (ЗАҚ)салуға арналған.
«Семей аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтініші, қалалық жер комиссиясының және жерге орналастыру жобасының қорытындысы негізінде Ақсу қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 307/6 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Семей аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне жоғарыда көрсетілген жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы қаулысы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16, 43-баптарында көзделген нормаларға сәйкес және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері бойынша жер учаскелерін қалыптастыру бойынша ұсынылған жерге орналастыру материалдарын зерделей отырып
«иә» - ;
«қарсы» - ;
«қалыс қалды» - ;
Комиссия шешім қабылдайды:
-Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Семей аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Павлодар облысы Ақсу қаласының Қанаш Қамзин ауылдық округінің аумағында орналасқан, зымыран-артиллериялық қару-жарақтың көп бейінді қоймасын (ЗАҚ) салуға арналған ауданы 2,0 га жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру мүмкін деп есептелсін.
Жер комиссиясының қорытындысы үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі ол қабылданған күннен бастап бір жылды құрайды.