Павлодар облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 маусымдағы № 281/31 және 2026 жылғы 21 тамыздағы № 304/33 шешімдерімен бекітілген құрамда Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 161/1 қаулысымен құрылған Павлодар облысының жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына «QazQuar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Екібастұз қаласы аумағының ГРЭС-1 ауданында орналасқан жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы мәселе шығарылады.
Қатысқандар: Комиссия мүшелері.
Қатыспағандар: Комиссия мүшелері.
Төрағалық етуші: С.Б. Батырғұжинов – Комиссия төрағасы, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Баяндаушы: М.Қ. Хамитов – Комиссия мүшесі, облыс жер қатынастары басқармасының басшысы.
Қарастырылатын Екібастұз қаласы аумағының ГРЭС-1 ауданында орналасқан ауданы 8,7147 га жер учаскесі, «СПК QazQuar» кен орнынан құрылыс құмды өндіруді жүргізуге арналған.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған 2026 жылғы 14 мамырдағы № 48/2026 лицензиясы, «QazQuar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші және бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылы 7 тамызда «QazQuar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілген жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы № 556/8 қаулысы қабылданды.
Ұсынылған жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру материалдарын қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32, 37, 43-баптарында көзделген нормаларға сәйкес және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері бойынша:
«қолдағандар» - ;
«қарсы болғандар» - ;
«қалыс қалды» - ;
Комиссия шешім қабылдайды:
- «QazQuar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2036 жылғы 14 мамырға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында Екібастұз қаласы аумағының ГРЭС-1 ауданында орналасқан ауданы 8,7147 га жер учаскесі, «СПК QazQuar» кен орнынан құрылыс құмды өндіруді жүргізу үшін беру мүмкін деп саналсын;
- ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу қажет болған жағдайда көзделсін.
Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған күннен бастап бір жылды құрайды.