2020 жылдың ІІ жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген) және Павлодар облысы жер қатынастары басқармасы басшысының 2020 жылғы 9 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 37 бұйрығы негізінде
Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қараша айында жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы келесі құрамда: Жолжақсынова Кенжегүл Бектасқызы – басқарма басшысының орынбасары; Сүлейменова Раушан Дүйсембайқызы – әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы; Қайырбекова Мадина Талғатқызы – бас маман-заңгер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар ұсынылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен сапасына жеке бақылау жүргізу және мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері фактілерінің алдын алу.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қабылдасын.
Персоналды басқару Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген) назарға алсын және бұйрықтарды тіркеуді жүргізу кезінде жоғарыда аталған Қағидаларды басшылыққа алсын.