Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 203/22 шешімімен бекітілген құрамда Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 143/1 қаулысымен құрылған Павлодар облысының жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына «Майкаинзолото» акционерлік қоғамының Баянауыл ауданы Майқайың кентінің аумағында орналасқан жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы мәселе шығарылады.
Қатысқандар: Комиссия мүшелері.
Қатыспағандар: Комиссия мүшелері.
Төрағалық етуші: А.Ж. Қабылтаева – Комиссия төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
Баяндаушы: М.Қ. Хамитов – Комиссия мүшесі, облыс жер қатынастары басқармасының басшысы.
Қарастырылатын Баянауыл ауданы Майқайың кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 километрде орналасқан жалпы ауданы 12,6971 га жер учаскелері: оның ішінде №1 учаскесінің алаңы 0,24 га және №2 учаскесінің алаңы 12,4571 га, «Южный Үшкөл» кен орнынан әктасы өндіруді жүргізуге арналған.
Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2023 жылғы 24 наурыздағы № 32/2023 Лицензиясы, «Майкаинзолото» акционерлік қоғамының өтініші және бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Баянауыл ауданы әкімдігінің 2026 жылы 2 наурыздағы «Майкаинзолото» акционерлік қоғамына көрсетілген жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы № 61/03 қаулысы қабылданды.
Ұсынылған жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру материалдарын қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32, 37, 43-баптарында көзделген нормаларға сәйкес және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері бойынша:
«қолдағандар» - ;
«қарсы болғандар» - ;
«қалыс қалды» - ;
Комиссия шешім қабылдайды:
- «Майкаинзолото» акционерлік қоғамының Баянауыл ауданы Майқайың кентінен солтүстік-шығысқа 10 километрде орналасқан 2033 жылғы 24 наурызға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында жалпы ауданы 12,6971 га жер учаскелерін: оның ішінде №1 учаскесінің алаңы 0,24 га және №2 учаскесінің алаңы 12,4571 га, «Южный Үшкөл» кен орнында әктасты өндіруді жүргізу үшін беру мүмкін деп саналсын;
- ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу қажет болған жағдайда көзделсін.
Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған күннен бастап бір жылды құрайды.