Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 203/22 шешімімен бекітілген құрамда Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 143/1 қаулысымен құрылған Павлодар облысының жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы мәселе шығарылады.
Қатысқандар: Комиссия мүшелері.
Қатыспағандар: Комиссия мүшелері.
Төрағалық етуші: А.Ж. Қабылтаева – Комиссия төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
Баяндаушы: М.Қ. Хамитов – Комиссия мүшесі, облыс жер қатынастары басқармасының басшысы.
Қарастырылатын Успен ауданы Лозов ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 64,9 га жер учаскелері: оның ішінде № 1 учаскесінің алаңы 43,0 га және № 2 учаскесінің алаңы 21,9 га, «Лозовое» учаскесінен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізуге арналған.
Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2025 жылғы 25 шілдедегі № 16 Рұқсаты, «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші және бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Успен ауданы әкімдігінің 2025 жылы 30 желтоқсандағы «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілген жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы № 280/12 және № 281/12 қаулысы қабылданды.
Ұсынылған жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру материалдарын қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32, 37, 43-баптарында көзделген нормаларға сәйкес және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері бойынша:
«қолдағандар» - ;
«қарсы болғандар» - ;
«қалыс қалды» - ;
Комиссия шешім қабылдайды:
- «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Успен ауданы Лозов ауылдық округінің орналасқан 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында жалпы ауданы 64,9 га жер учаскелерін: оның ішінде №1 учаскесінің алаңы 43,0 га және №2 учаскесінің алаңы 21,9 га, «Лозовое» учаскесінен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін беру мүмкін деп саналсын;
- ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу қажет болған жағдайда көзделсін.
Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған күннен бастап бір жылды құрайды.